04
ақпан
2022
Мектебіміздегі волейбол секциясы
Волейбол – ең қызықты спорт түрі. Оның ерекшелігі – ол әр түрлі қозғалысқа бай. Волейбол ойнау үшін жылдам жүгіру, жүгіру бағытын мен жылдамдығын ауыстыру, биікке секіру, күшті, екпін және төзімді болу керек.
Эмоциялық кернеу сыналатын ойын барысында ағзадағы жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерінде жоғары жылжу қызметін тудырады.
Шабуыл мен оқшаулау кезінде допты соғып секіру, сүйек жүйесін нығайтады, буындарды неғұрлым жылжымалы қылып, бұлшықеттің күші мен икемділігін арттырады.
Волейбол ойыны көру және есту белгілерін арттырады, бұлшықеттің сезімділігін, қабілетін тез арада ауыстыруын дамытады. Шағын көлемдегі статистикалық күш пен жүктемелер жас спортшылардың өсуіне жақсы әсер етеді.
Оқушыларымыздың бос уақытын ұйымдастыру және салауатты өмір салтын сақтауға насихаттау мақсатында мектебімізде волейбол үйірмесі жұмыс істейді. Аптасына екі рет волейбол ойынын үйрету және дайындық жүргізіледі. Мектебіміз оқушыларынан құралған волейбол командасы аудандық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Жаттықтырушылар дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сәрсенбаева Гүлжайна Нағашбайқызы, Терлікбаев Қайсар Айтқожаұлы
@alatau_bilim_bolimi
@edu.almaty
@akmurzaevakarlygash
@lyazzat__88
@kaldybekov_azamat
@almaty_mektepteri
@zhuzelubir