Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Цифрлық трансформациялау жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбында республикалық семинар
05
сәуір
2022

«Цифрлық трансформациялау жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбында республикалық семинар








Мектебімізде 05.04.2022ж. күні «Цифрлық трансформациялау жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбында республикалық семинар болып өтті.
Мақсаты: Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісінде заманауи әдістер мен технологияларды енгізу жұмысын жандандыру.
Мектеп директоры Нұрғазы Асет кіріспе сөз сөйлеп, мектеп жетістіктері мен жалпы мектеп туралы таныстырып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі. Келесі сөз кезегін «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Іркітбай Ғалым Бұлтұлы алып, «Цифрлық трансформациялау жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбына тоқталды. Семинар барысында І топ қатысушылары биология, информатика пәндерінен «Биология, информатика сабақтарында виртуалды зертхананы қолданудың тиімділігі. Effectiveness of using a virtual laboratory in biology lessons» тақырыбында кіріктірілген және физика пәнінен “Series and parallel connections of resistors” тақырыбында ықшам сабақтарына қатысты. Пән мұғалімдері: Кульбаева Г., Дюсупова А., Сәйполла Қ.
ІІ топ қатысушыларының назарына «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ел» мобильді QR кітапханасы, жауапты ДТІЖО Агадилова У.А., «Ғылымға бастар жол» тақырыбында дарынды оқушылармен жұмыс, жауапты ДОІЖО Менғали Н.Т., «Роботтар әлемі» тақырыбындағы «Робототехника» үйірмесінің жұмысы, жауапты информатика пәні мұғалімдері, «Жасыл мектеп» жобасы аясында мектеп жылыжайына саяхат ұсынылды. Жауапты Нургали М.,Таныштыбаева Г. Мектеп педагог-психологі Балтабаева А.С. «Өзіңді-өзің тани біл» тренингін жүргізді.
Сондай-ақ, семинар қатысушыларына«Тағылымды тәлімгер – жас маманның зергері» тақырыбында тәлімгер жұмысы таныстырылды. Жауаптылар ДОІЖО Сабирова А.К., Садыкова Ж.К.
Семинар соңында семинар қатысушылары өз пікірлерін, алған әсерлерін бөлісіп, кері байланыс жасалып, ризашылықтарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: