Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ОРТАЛЫҒЫ – БАБАЛАР АМАНАТЫН ЖАЛҒАСТЫРУШЫ" музейіне саяхат
14
наурыз
2022

"МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ОРТАЛЫҒЫ – БАБАЛАР АМАНАТЫН ЖАЛҒАСТЫРУШЫ" музейіне саяхат


МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ОРТАЛЫҒЫ – БАБАЛАР АМАНАТЫН ЖАЛҒАСТЫРУШЫ МУЗЕЙІНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН БАРЫП ТАМАШАЛАҒАН ЕДІ.
Алатау ауданында орналасқан Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы 2 залдан тұрады. Орталықтың бірінші экспозициялық залында қазақ халқының ән-күй, ақын-жыраулық өнерінің негізін қалап, бүгінгі биікке жеткізген өнер тұлғаларының музыкалық аспаптары орналасқан. Заманауи мәдени орталыққа келушілер Абай Құнанбайұлының, Жамбыл Жабаевтың, Махамбет Өтемісұлының, Мұрын жыраудың, Дина Нұрпейісованың, Сүгір Әлиұлының, Ахмет Жұбановтың, Дәнеш Рақышевтің, Бөлтірік Атыханұлының, Алтынбек Қоразбаевтың және басқа да қайталанбас тұлғалардың домбыраларын көре алады. Аталмыш экспозициялық залда тұлғалардың өз қолының табы қалған мұралары қалыптасқан ортасына қарай Оңтүстік Қазақстан, Сыр өңірінің дәстүрлі музыка мектебі, Арқа дәстүрлі музыка мектебі, Жетісу дәстүрлі музыка мектебі, Батыс Қазақстан дәстүрлі музыка мектебі деп төрт мектепке бөлінген. Әрине, бұл мәдени орталықтың төрінен орын алған аталмыш аспаптар ұлтымыздың тарихынан сыр шертетін құнды қазынасы екендігі даусыз. Заман талабына жабдықталған аталмыш экспозициялақ залда жеке тұлғалардың мемориалдық экспонаттарынан өзге қазақтың ғасырлардан жеткен музыкалық аспаптары орталықтың тарихи құндылығын арттырып тұр. Шетелдік туристердің қызығушылығын тудыратын нарқобыз, жетіген, дабыл, шың тәрізді көне кезден келе жатқан аспаптар тылсым тарихтың тұңғиығынан сыр шертіп тұрғандай. Келген қонақтар орталықтың бел ортасында орналасқан 3D голограммадан әйгілі ән-күйлер мен жырларды тыңдап, мультимедиялық зал арқылы қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін видеоконтент арқылы тамашалау мүмкіндігіне ие. Орталықтың екінші мультимедиялық залы заманауи технологиялық құралдар арқылы көріністермен көркемделген, әуендермен әрленген қазақтың сан ғасырлық тағылымды тарихымен таныстырып, тамсандыра түседі. Көрерменнің көз алдында жан бітетін көркем көріністер алдында жан бітетін көркем көріністер тарихтың құшағына ендіріп, сан ғасырларға сапар шеккізеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: