03
наурыз
2022
"БІЛІМДІ ЖҰЛДЫЗДАР"

АШЫҚ САБАҚТАР
"Бастау алар бұлақтың көзін ашқан, Бар білім бастауышта қалыптасқан" бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында 03.03.2022ж. күні Абдрасилова Райхан Наметкеримовна 4 "З" сынып оқушыларымен "БІЛІМДІ ЖҰЛДЫЗДАР" атты сыныптан тыс іс-шарасын өткізді.
Оқушылар төрт топқа бөлініп 4-бөлім бойынша білім сынасты:
1-бөлім: БӘЙГЕ оқушылар ұяшық таңдау арқылы блиц-сұрақтарға жауап берді.
2-бөлім: ОЙЛАН ТАП математика пәні бойынша TIMSS бойынша тест тапсырмалары орындалды.
3-бөлім: ТҰЛҒАНЫ ТАНИ БІЛ көрнекті тұлғалар туралы өз білгендерін ортаға салды.
4-бөлім: ТІЛАШАР жұмбақтар жасырылып, жауаптарына қарай ұпай сандарын алды.
5-бөлім: ПОСТЕР 4-тақырып аясында ойтолғау жазып постер қорғады.
Нәтижесінде оқушылар жинаған мол білімдерімен бөлісіп, жеңіске жеткен топ анықталып, марапатталды.