14
ақпан
2022
«Құрамды шарттарды программалау» тақырыбында информатика пәнінен ашық сабақ


"Цифрлық әлемде-кемел біліммен" тақырыбы аясында МИФ апталығы барысында информатика пән мұғалімі Дюсупова Анар Кадылбековна 7 «В» сыныбымен «Құрамды шарттарды программалау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар Python тілінде есеп шығарып логикалық операцияларды практикада қолданды. Сабақта "Шаттық шеңберге" шығып ізгілік шарасын орнаттық, "Борт журналы" әдісі арқылы конспект жазды, топтық жұмыс арқылы кодтауды талдады, Python программасымен жұптық жұмыс жасау арқылы қолданды. Сабақты «Бес бармақ» әдісі арқылы қорытындылады.