09
ақпан
2022
«Роботтар әлеміне саяхат»

Мектебіміздің информатика пән мұғалімі Әбжаппарова Жұлдыз Бөлегенқызы 4-сыныптар арасында «Роботтар әлеміне саяхат» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізді. Сабақ барысында қораптардан құрастырылып, жылтыр қағаздармен қапталған робот киімдер датчик (жанасу датчигі, ультрадыбыс датчигі, гироскопиялық датчик, түс датчигі) суреттері қолданылды және робот құрылғыларына қатысты жұмбақтар жасырылды.
Іс-шараға белсенді қатысқан оқушыларға тәттілер ұсынылды. Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты: 7-ақпан Бүкіл әлемдік роботтар күніне арналған іс-шараны мерекелік көңіл күймен өткізу, роботты модельдеу және робот датчиктерін қайталап еске түсіру болды. Іс-шарамыз өте қызықты әрі көңілді өтті.