03
ақпан
2022
Улы газдың алдын алу
Улы газ - өте қауіпті
Улы газдың ең қорқынышты қасиеті оның ешқандай иісі жоқтығында. Демек ауада оның бар - жоқтығы арнайы жабдықсыз анықтау қиынға соғады. Жалпы улы газбен улану күтпеген жерде болады. Себебі зардап шегуші біраз уақыт оның буымен тыныс алғанын мүлдем сезбейді.
Улы газбен уланудың белгілері: бастың айналуы және бастың ауруы, сананың бұлдырауы, тұншығу, бұлшық еттердің әлсіреуі, құлаққа шудың естілуі, лоқсу, құсу, ұйқышылдық болып табылады. Кейде керісінше, аз уақытқа қозғалыстың белсендеуі, артынан қозғалыс үйлесінің бұзылуы, сандырақтау, галлюцинация, естен тану, тырысу, ессіз күй кешу. Егер зардап шегушінің тыныс алуын дер кезінде таза ауамен қамтамасыз етпесе, оның қайтыс болуы әбден мүмкін.
Улы газбен уланудың алдын алу үшін келесі шараларды сақтау қажет:
- жылыту маусымы қарсаңында үйдегі пештерді тексеру және жөндеу;
- үйді жылыту үшін газ плитасын, пештерін пайдаланбау;
- газ құралдары пайдаланатын бөлмелерде ұйықтамау;
- газ құралдарын қолданған кезде ауа сорғышты орнатып, қосу.
- газ құралдары орнатылған бөлмелерді әрқашан желдету.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар жылу беру маусымында улы газдан абай болыңыздар!