01
ақпан
2022
«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы


«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының негізінде жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани жетілдіру идеясы оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым-қатынас нормасымен таныстырады, азаматтық мәдениетке қалыптастырады және дамытады.
Осы орайда мектебімізде 01.02.2022ж. күні «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы салтанаты өтті. Мақсаты: оқушылардың рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінігін кеңейту. Қатысушылар онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралармен танысып, іс-шараны «Мейірім төккен ана» тақырыбында ұйымдастырылған кітаптар көрмесінен бастады.