24
желтоқсан
2021
Оқушыларымыз "Жамбыл Жабаев" және"Жамбыл әлемі" жинақтарының тұсаукесеріне қатысып қайтты

Мектебіміздің 8 "Ә" сынып оқушылары сынып жетекшісі Якяева Фарида Мейрамбековнаның жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған 10 томдық "Жамбыл Жабаев" және 30 томдық "Жамбыл әлемі" жинақтарының тұсаукесеріне қатысып қайтты.
Оқушыларды кітап тұсаукесерлеріне, әдеби кештерге апарудағы мақсат - Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақынөлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәрбиелеу.