Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл мен тарих - ғасырлар куәсі» атты онкүндіктің жабылу салтанаты
21
желтоқсан
2021

«Тіл мен тарих - ғасырлар куәсі» атты онкүндіктің жабылу салтанаты


21.12.2021ж. күні мектебімізде қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Тіл мен тарих - ғасырлар куәсі» атты онкүндіктің жабылу салтанаты өтті.
Кеш барысында тәуелсіздікке арналған өлең-жырлар оқылып, патриоттық әндер шырқалды. 9«Ә» сынып оқушысы Бейбарыс Серіктің орындауындағы «Көрұғлы» күйі ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап, жырлаған көңіл-күйді жеткізе білді.
8 «Ж» сынып оқушысы Қарасай Аруна, 8 «Д» сынып оқушысы Қалдыбай Айгерім орындауындағы патриоттық әндер қазақ рухының ешқашан аласармайтынын, мәңгілік елдің бейбіт тұрғындары, болашағы екендігімізді тағы бір еске салғандай болды. Мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушысы Кәден Айдос, 6-сынып оқушысы Зейнелхан Бақтиярдың орындауындағы «Мен қазақпын», «Бір шәугім шай», «Қазақ елі » әндері тыңдарманның көңілінен орын тапты.
Онкүндік барысында іс-шараларға белсене қатысып, жақсы көзге түскен, интеллектуалды ойындарда ойының ұшқырлығымен ерекшеленген, мектепішілік пәндік олимпиадада тарих пәнінен жүлделі орындарды иеленген және ғылыми жобаларға қатысқан оқушылар марапатталды.
Мерекелік кешті ұйымдастырған тарих пәні мұғалімдері, бірлестік жетекшісі Кирибаева Жұлдыз Байсерікқызы мен дарынды жастарымызға алғыс айтып, шығармашылық табыс тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: