08
желтоқсан
2021
"Тапқырлар тартысы" тақырыбында сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тапқырлар тартысы" тақырыбында сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
5 "А", "Ә"- сынып оқушылары "Қыран" және "Тұлпар" тобы 5 кезең бойынша сынға түсті.
І. Бәйге
ІІ. Дода
ІІІ. Тіл - өнер
ІV. Кім тапқыр?
V. Тәуелсіздікке тарту кезеңдері бойынша оқушылар ҚР Тәуелсіздігі туралы сұрақтарға жауап берді, "Тәуелсіздік" сөзінен 2 минутта сөздер құрап шығарды.
Сайыс нәтижесі бойынша 5Ә-сыныбынан құралған "Тұлпар" тобы 1-орынға ие болды🥇
Сайыс соңынан екі сыныптың оқушылары жаңкүйерлерге өнерлерін көрсетті.