Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дария кеуде, тау мүсін, Қарттарым аман - саумысың?»
19
қазан
2021

«Дария кеуде, тау мүсін, Қарттарым аман - саумысың?»








Ағымдағы жылдың қазан айының 19-жұлдызында мектебіміздің мәжіліс залында сағат 12.30-да «Дария кеуде, тау мүсін, Қарттарым аман - саумысың?» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Қазан айы Қарттар айлығы аясында өткен кездесуге мектебіміздің директоры Нұрғазы Әсет мырза, аудан ақсақалдар Кеңесінің төрағасы, ауданымыздың құрметті қариясы, ардақты Мәли ата, 10 А,Ә – сынып оқушылары мен пән мұғалімдері қатысты.
Мақсаты:
Оқушылардың бойында үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттерін, мейірімділікке, адамгершілікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған мектебіміздің басшысы Нұрғазы Әсет мырза аудан ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Мәли ақсақалды алтын уақытын бөліп оқушыларға ұлағатты сыр-сұхбат бергені үшін алғысын айтты.
Мәли ата өзі туралы, көп жылдар білім саласында қызмет жасағанын, ұстаздық жолы туралы оқушыларға баяндады.
Кездесу барысында мектебіміздің мақтанышы бірнеше конкурстар жүлдегері, күйші Арпабай Дәулеттің орындауында «Балбырауын» күйі, 10 "А "сынып оқушылары Бүргенбаева Назерке, Жолдасбек Нурила, Абуова Қарақат, Сейталы Ясин "Қайырымды қайран қарттарым" тақырыбында өлең оқыды. Жас ұрпаққа төзімділік пен даналықтың үлгісі болған Мәли ата өнер көрсеткен оқушыларға батасын беріп, жарқын болашақ тіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: