22
қыркүйек
2021
"Даланың Дара ұстазы" интеллектуалдық ойыны






Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің "Ана тілім-асыл қазынам" атты апталығы барысында пән мұғалімі Р.Тұманқызы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай әңгімелер желісінде "Даланың Дара ұстазы" интеллектуалдық ойынын ұйымдастырды.
Мақсаты: Ы.Алтынсарин өмірін,шығармаларын оқушыларға үлгі-өнеге ете отырып,рухани-адамгершілікке,еңбексүйгіштікке,мейірімділікке,білімді болу қажеттілігін түсіне білуге тәрбиелеу.
Үш кезеңнен тұрған бұл сайыста викториналық сұрақтар, әңгімені жеткізу барысында "Төрт сөйлем","Үзілген үзіндіні жалғастыр",Жасырылған ұяшықтар" әдістері қолданылды. Сайыста. " Асығым алшасынан түс" сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық құндылықтар кеңінен көрсетілді.