Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тіл қазынасы – мақал-мәтел"
01
қазан
2021

"Тіл қазынасы – мақал-мәтел"








Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің "Ана тілім-асыл қазынам" атты апталығы барысында пән мұғалімдері Токтаркожанова Р.Б., Исимова Ж.Ә. 6-сыныптар арасында сыныптан тыс "Тіл қазынасы – мақал-мәтел" тақырыбында сайыс сабағын өтті. Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілінің қадір - қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, еркін сөйлей білуге, үйрету, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытуға бағыттау, тәуелсіз еліміздің ана тілін жоғары қоятын ұрпақтарын тәрбиелеу. Сайыс кезеңдері:
1. «Ойлы болсаң озып көр»
2. «Мықты болсаң тауып көр»
3. «Бір сөзбен айтқанда»
4. «Кім жүйрік?»
Әр кезең бойынша оқушылар жылдам жауап беріп, үлкен белсенділік танытты. Әр сұрақ бойынша дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпайдан берілді. Сайыс соңында ұпай сандары бойынша жеңімпаздар анықталды.
1-орын 6 «Б »сынып оқушысы Еркінай Нұртуған
2-орын 6 «В» сынып оқушысы Төрехан Іңкәр
3-орын 6 «Г» сынып оқушысы Кенжеғали Ақерке
Сабақ соңында оқушылар сабақтың өте қызық және жоғары деңгейде өткендігі туралы айтып, алғыстарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: