Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абайла, балақай!» апталығы
09
қыркүйек
2021

«Абайла, балақай!» апталығы









Мектебімізде «Абайла, балақай!» тақырыбында 1-4 сыныптар мен 5-11 сыныптың 3184 оқушысына мектеп инспекторы Нұрбек Айза түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмысының мақсаты: оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауды насихаттау. 1-4 сынып оқушыларына бейнероликтер көрсетілсе, 5-11 сынып оқушыларына таныстырылым слайдтары қолданылды. Аталған айлыққа орай «Менің мектепке келетін қауіпсіз жолымның сызбасы» атты күнделікке үй мен мектеп арасындағы жол сызбасы көрсетілді, мектептің маңайында, ықшам аудандағы қауіпті деп саналатын аймақтар туралы түсінік берілді. Ата-аналарға арналған «Жол қозғалысын жатқа біл» тақырыбында оқушыларға арналған үнпарақтар таратылды. Аудандық жол қозғалысы бөлімінен тексеріс те жүргізілді. Мектепте жол қозғалысын дәріптейтін бұрыш бастауыш сыныптардың дәлізінде орналасқан. 1-11 сынып жетекшілері «Жол қозғалысын білу міндетің» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: