09
ақпан
2026
«Жүрекке жазылған жырлар» атты әдеби кеш
9.02.2026ж.күні мектеп-гимназиямызда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жүрекке жазылған жырлар» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз мәдениетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдеби кеш жоғары деңгейде өткізіліп, оқушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, поэзияға деген қызығушылықтарын көрсетті. Іс-шара тәрбиелік және танымдық тұрғыдан өз мақсатына жетті.