12
ақпан
2026
«Біз салауатты өмір салты мен экологияны қолдаймыз» атты қалалық спорттық-экологиялық эстафета
12.02.2026ж. күні Алматы қаласындағы №182 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Біз салауатты өмір салты мен экологияны қолдаймыз» атты қалалық спорттық-экологиялық эстафета ұйымдастырылуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың бойында салауатты өмір салты мен экологиялық мәдениеттің тұрақты құндылықтарын қалыптастыру. Спорттық және экологиялық тапсырмалар арқылы қатысушылар тек өздерінің дене дайындығын көрсетіп қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы білімдерін де нығайтты.
Эстафета спорт пен экологиялық бастамалардың жауапкершілігі жоғары, белсенді әрі ұйымшыл жастарды тәрбиелеуге ықпал ететінінің жарқын үлгісі.
