04
қараша
2025
9–11 сынып оқушылары кәсіби дағдыларға бағытталған оқу курсынан өтті
4-28.11.2025ж. күндері аралығында 9–11 сынып оқушылары кәсіби дағдыларға бағытталған enbek.skills.kz онлайн-платформасына тіркеліп, түрлі оқу курстарын өтті.
Орындау мақсаты: Оқушылардың кәсіби дағдыларын дамыту және цифрлық білім беру платформаларында құзыреттілігін арттыру.
Курстарды сәтті аяқтаған оқушыларға жүйе арқылы электрондық сертификаттар берілді.
Бұл жұмыс оқушылардың еңбек нарығына бағытталған дағдыларын қалыптастыруға, жаңа білім алуға және өз қабілеттерін бағалауға мүмкіндік берді. Платформа арқылы сертификат алу процесі толық онлайн форматта жүзеге асырылып, әр оқушы жеке кабинеті арқылы материалдарды меңгеріп, тапсырмаларды орындады. 2025 жылдың 4–28 қарашасы аралығында 9–11 сынып оқушылары enbek.skills.kz платформасында білім алып, тиісті курстарды аяқтап, электрондық сертификаттарға ие болды.
Қорытынды: 9-сыныптар-161 оқушы, 10-сыныптар -95, 11-сынытар-31 оқушы осы сертификаттарды алды.