Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ тілі- ертеңім, болашағым» атты кітап көрмесі
04
қараша
2025

«Қазақ тілі- ертеңім, болашағым» атты кітап көрмесі

№182 мектеп-гимназия  кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Қазақ тілі- ертеңім, болашағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазақ тілінің дамуы мен өзге ұлт өкілдерінің тілдері туралы әдебиеттер, танымдық басылымдар, ұлы тұлғалардың тіл жайлы ой-толғаулары қойылды.
 Кітапханашы көрмеге шолу жасап, оқырмандарға ұсынылған әдебиеттердің мазмұны мен маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, оқырмандарды көрмемен таныстырып, тілдің ел бірлігі мен қоғамдық келісімдегі маңызын атап өтті. Шара барысында оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, тіл туралы нақыл сөздер мен өлең жолдарын оқыды. Кітапханашы тілге құрмет көрсетуге, кітап оқуға және ана тілді насихаттауға шақырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: