26
мамыр
2025
“Күншуақ” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады 🌞🌈
Бүгін мектебімізде көптен күткен “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Аталған лагерьге бастауыш сыныптан 500-ге жуық оқушы қабылданып, барлығы ыстық тамақпен және түрлі қызықты бағдарламалармен қамтамасыз етілмек.
Салтанатты шараны мектеп директоры А.Нұрғазы құттықтау сөзімен ашып, балаларға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Ганиева Жанат Танбаевна лагерь жұмысына ресми түрде бастау беріп, “Күншуақ” лагерін ашық деп жариялады!
Балалар үшін қызықты ойындар, танымдық шаралар мен шығармашылық бағыттағы үйірмелер ұйымдастырылып, жазғы демалыстары есте қаларлықтай өтуіне барынша жағдай жасалады. 


Жазды жарқын көңіл-күймен қарсы алайық! 