Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында барлық сыныптарда эссе жазу ұйымдастырылды
16
мамыр
2025

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында барлық сыныптарда эссе жазу ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдесінде №194 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының 2-қосымшасындағы жоспарына сәйкес, Елімізде мамыр айының төртінші аптасында өтетін «Білімім – Отаныма!» республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылады. Осыған орай оқу жылын қорытындылап, жазғы демалыс уақытын тиімді жоспарлау, өз іс-әрекетін рефлексиялау, сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін білім алушылар арасында эссе байқауын ұйымдастырылды.
Мақсаты: білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсаттар мен жоспар құруына ықпал ету.
2025 жылғы 16- мамырда барлық сыныптарда тақырыптық эссе жазу ұйымдастырылды.
1–4 сыныптар: «Таза Қазақстан» тақырыптық бағытында:
• Сен «Таза Қазақстанға» қандай үлес қоса аласың?
• Қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек?
• Мен табиғатты қорғаймын, себебі...
5–9 сыныптар: «Заң және тәртіп» тақырыптық бағытында:
• Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?
• Заңды орындау қоғамның дамуына қалай әсер етеді?
• Сен қоғамдық тәртіпті орнатуға қандай үлес қоса аласың?
10–11 сыныптар: «Адал азамат» тақырыптық бағытында:
• Сен үшін «Адал азамат» деген кім?
• Қоғамның дамуына адалдық қалай әсер етеді?
• Ар-ұждан мен намыс адалдыққа қалай әсер етеді?
Осы тақырыптарда эссе жұмысы алынып, бағаланды. 23 мамыр «Білімім – Отаныма!» республикалық сынып сағаттарында үздік деп танылған эссе жұмыстарына мақтау қағазы жазылып, марапатталады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: