31
қаңтар
2025
«PISA тапсырмаларын сабақ барысында тиімді қолдану»
«Мектептерге арналған PIRLS, TIMSS, PISA Халықаралық зерттеулері сабақ үдерісінде» тақырыбындағы қалалық семинар
31.01.2025ж. күні "№182 мектеп-гимназия" КММ-де «Мектептерге арналған PIRLS, TIMSS, PISA Халықаралық зерттеулері сабақ үдерісінде» тақырыбындағы қалалық семинар ұлттық құндылықтарға басымдылық бере отырып, халықаралық зерттеулер кіріктірілген бастауыш, орта,жоғарғы буын оқушыларының өзара сабақтастығымен сыни ойлау дағдыларына құрылған практикалық семинар болды.
«PISA тапсырмаларын сабақ барысында тиімді қолдану» тақырыбында педагог-шебер Адешова Н. және педагог-зерттеуші Абдильдаева А. оқу сауаттылығы бойынша PISA тапсырмаларын сабақ барысында тиімді қолдану жолдарын таныстырып,сын тұрғысынан ойлау, мәселелерді шешу және зерттеу дағдыларын дамытуға арналған оқу құралдарын ұсынды.