04
наурыз
2025
"Сөмке тігу" тақырыбындағы шеберлік сабақ
№182 мектеп-гимназиясында "Эстетикалық бағыттағы пәндерді оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбындағы эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында көркем еңбек пәні мұғалімі Бейсбаева Г.У. "Сөмке тігу" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Мақсаты: Мұғалімдерді жан-жақты заман талабына сай дәстүрлі емес материалдардан бұйым тігудің әдіс-тәсілдерін үйрету.