14
қыркүйек
2023
«Өнер алды-қызыл тіл» сайысы
14.09.2023ж. күні 7-8 сынып оқушылары арасында Тілдер мерекесіне орай «Өнер алды-қызыл тіл» атты сайыс өткізілді.
Мақсаты: Өз ана тілімізді дәріптеп, бала бойына сіңіру.Өмірден түйген қорытындысы ,тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.
Бұл сайыста оқушылар «Жігер», «Парасат», «Мейірім», «Адал» деген топтарға бөлінді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды: 1.Сөз шебер, 2.Тапқыр, 3.Тілмар, 4.Шығармашылық тапсырма. Оқушылар белсене қатысып, тақырып бойынша мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, оны үш тілде айтып, «Ана тілімізді одан әрі қалай дамытамыз?» деген тақырыпта постерлер жазып, қорғай білді. Слайдтар көрсетіліп барынша тақырып түсіндірілді. Сайысты ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Иманқұлова Л, Тұманқызы Р. Сайыс соңында топтар марапатталып, мадақтама қағаздары ұсынылды. 1-орынды «Жігер», 2-орынды «Адал», 3-орынды «Парасат» топтары иеленді. Балалар сайыс арқылы ана тіліміздің қаншалықты маңызды екенін, тіліміздің терең екенін, байтақ екенін түсінді.