01
қыркүйек
2023
Білім күніне арналған сынып сағаттары
01.09.2023ж. күні Білім күніне арналған сынып сағаты 5-11 сыныптарға «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында, 1-4 сыныптардың сынып сағатының тақырыбы: «Мектебім – мейірім мекені!». Сынып жетекшілер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, достық пен жауапкершілік, бір-біріне сыйластық құндылықтарын дарытуға мән берді. Көрнекіліктері де аталған құндылықтарды дәріптеуге арналды. 1-сыныптың 320 оқушысына жақсы көңіл-күй сыйлаған, тәрбиелік мәні жоғары сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының өткізілу сапасына бақылау жасалынды. 5-11 сыныптар үшін өткізілген сынып сағаттары да жоспарлы түрде өте сапалы , мақсатқа бағытталған тұрғыда ұйымдастырылды. Отанымыздың өркендеу жолындағы ізгі қадамдары мен еліміздің ұлттық құндылықтары дәріптелді.