09
ақпан
2023
"Present Continuous and Present Perfect" тақырыбында ашық сабақ

09.02.2023ж. күні ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Г. Сәрсенова 6"В" сыныбында "Present Continuous and Present Perfect" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Present Continuous пен Present Perfect шағын қолдана отырып сөйлем құрау, сұрақ жауап алмасу. Айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын дамыту. Алдыңғы білімді қайталау мақсатында "Wordwall" платформасы, жаңа тақырыпты табу кезінде "Миға шабуыл" әдістері қолданылды. "Қар кесегі" әдісі бойынша PC пен PF шағында сұрақ қойылып, жауап берілді. Бағалау парағы ретінде доллар ақшасы пайдаланды. Оқушылар жинаған ақшаларын банкоматқа салып отырды. Жинаған ақшаларына сәйкес бағаланды. Рефлекция кезінде оқушылар өздерінің баспалдақтың қай сатысында тұрғандарын белгілей отыра өздерінің не үйренгендерін, не білгендері жайында өз ойларын білдірді. Сабақта оқушылар белсенділік танытты.