24
қаңтар
2023
«Биология сабақтарында виртуалды зертхананың бала тұлғасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы тиімділігі» тақырыбындағы мектепішілік семинар

Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің «Жаңа Қазақстан салауатты,білімді ұрпақтың бастауы» атты онкүндігі аясында «Биология сабақтарында виртуалды зертхананың бала тұлғасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы тиімділігі» тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Ұйымдастырушылар биология пәні мұғалімдері Кульбаева Гульзат Алиакбаровна мен Таныштыбаева Гаухар Авелкановна.
Семинардың мақсаты- биология пәнін оқытуда виртуалды зертханаларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың функциональдық сауаттылығын арттыра отырып, сыни тұрғыдан ойлай алатын, бәсекеге қабілетті, іскерлік қасиеттері мен тұлғаның кәсіби бағыттылығын дамыта отырып, өз білімдерін өмір тәжірбиелерінде дұрыс қолдана алатын ұрпақ тәрбиелеу.