25
қаңтар
2023
«География әлеміне саяхат» тақырыбында интеллектуалды сайыс сабақ

Ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында география пәні мұғалімі Қосмұратов Қайсар Нұрманбекұлы 9-сынып оқушылары арасында «География әлеміне саяхат» тақырыбында интеллектуалды сайыс сабақ өткізді. Мақсаты: оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын оята отырып, сыни ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас және ынтымақтастық мүмкіндігін бірлестіре ұтымды пайдалану. Сайыс нәтижесінде І орын 9 «Б» сынып, ІІ орын 9 «З» сынып, ІІІ орын 9 «А» сынып оқушылары жеңіп алды. Сонымен қатар, Қайсар Нұрманбекұлы алдағы уақытта география клубын ашуды жоспарлап жүргенін айтты.