02
қыркүйек
2022
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылау және түсіндіру жұмыстары

✔️ 2022 жылғы 02 қыркүйекте мектебімізде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша жиын өтті. Жиынға мектебіміз педагогикалық ұжымы қатысты.
✔️Мектебіміз директоры Нұрғазы Асет өз баяндамасында мемлекет басшысының Жолдауында айтылған экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды.
✔️ Сөз соңында, лицей ұжымын мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, экономикамызды жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуге, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.