26
мамыр
2022
#ReferendumAmanat



Алдағы өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысты түсіндірме жұмыстары жалғасуда.
Осы орайда «AMANAT» партиясының фракция мүшелері, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Сүлейменова Ж., Алматы қаласы мәслихатының депутаты, қалалық штабтың мүшесі Тау Н., аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Ж.Алдамбергенова бүгін Алатау ауданында орналасқан №182 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесті. Білім беру саласы қызметкерлерімен кездесу барысында мемлекеттік тіл бойынша, аудандағы мектептің тапшылығы, сыныптардағы оқушылар санының нормадан артықтығы, білім саласында үзіліссіз еңбек өтілі бар адамдар үшін жеңілдікпен зейнеткерлікке шығу мәселесін және медициналық сақтандыру жарналарын пайдалуға қатысты т.б әлеуметтік сұрақтарын қарастыруды ұсынды.
#ReferendumAmanat