06
желтоқсан
2023
"Бастауыш сынып мұғалімдерінің "Қазақ тілі" және "Әліппе" сабағында сауатты жазуға және көркем жазуға үйрету тәсілдері"
Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектепте «Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация» тақырыбында озат тәжірибелі ұстаздар апталығы өтуде. Мақсаты ұстаздарының кәсіптік шеберліктерін дамыту, озық педагогикалық тәжірибені тарату, проблеманың мазмұнын зерттеу, ұжымның педагогикалық тәжірибесіне енгізудің жолдарын ұсыну. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі тиімділігі мен сапасын арттыру, оқу үрдісінің ғылыми теорияға негізделген таңдамалы белсенді әдістеріне көшуді талап ету. Оқыту мен тәрбие берудің заманауи әдістерін жүзеге асыру, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін көтеру. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері Г.Ахмадиева, Б.Агментаева, А.Емілтаева, С.Жайбергенова "Бастауыш сынып мұғалімдерінің "Қазақ тілі" және "Әліппе" сабағында сауатты жазуға және көркем жазуға үйрету тәсілдері" тақырыбындағы тәжірибесімен бөлісті.