Қалалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
04
желтоқсан
2021

Қалалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау





Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелігіне салтанатты қабылдау шарасы өтті.
4 желтоқсан күні оқушылар сарайында «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық ұйымы қатарына мектебіміздің белсенді оқушылары 5"В"-сынып оқушысы ТАСБОЛАТ ІНЖУ АРТУРҚЫЗЫ, 2"Б"-сынып оқушысы СОВЕТЖАН ШЕРХАН РУСЛАНҰЛЫ қабылданды. Оқушыларды ұйым қатарына қабылдау рәсімінде Алатау аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қабдолдин Құдайберген Назарұлы, Алатау аудандық әкімінің мәдениет саласы мамандары және қалалық "Рухани жаңғыру" жобалық кеңесінің маманы қонақта болды. Қонақтар ұйым қатарына жаңадан қабылданған оқушыларға көк галстук пен значок тақты. Жаңа қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беріп, оқушылардың өнерін тамашалады.
@akmurzaevakarlygash
@lyazzat__88
@edu.almaty
@kaldybekov_azamat
@almaty_mektepteri
@alatau_bilim_bolimi

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: