"Ұшқыр ой" ойын сабағы » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұшқыр ой" ойын сабағы
28
қыркүйек
2021

"Ұшқыр ой" ойын сабағы




Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігі онкүндігі барысында 7-сыныптар арасында сыныптан тыс "Ұшқыр ой" ойын сабағын өтті. Мақсаты оқушыларды тіл өнерін, тіл құдіретін құрметтеуге үйрете отырып, сөйлеу тілдерін жетілдіру. Патриоттық сезімдерін оята отырып, ана тілімізді сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу. Кіріспе сөзден соң, "Дұрыс па, бұрыс па?" ойынының шартымен танысқан оқушылар белсене ат салысты. Екінші "Домино" ойыны кезінде де сөйлемді жинап, мәтін жасады. Мәтін негізінде"Сары жапырақтар", "Жасыл жапырақтар", "Қызыл жапырақтар" жинай отырып, берілген сұрақтарға 2 - топ оқушылары тұшымды жауап беріп, алдан көрініп отырды. Оқушылар шара барысында белсенділік көрсетті.
"Ана тілі... жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына деп" - Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай ана тіліміздің тұғыры биік болсын!" деген сөзбен шара қорытындыланды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: