Мектеп президентін ұлықтау рәсімі » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп президентін ұлықтау рәсімі
28
қыркүйек
2021

Мектеп президентін ұлықтау рәсімі





Ұлтымыздың мақтанышы қазақ балаларының қадірлі мекені саналатын №182 ЖББ мектепте оқушылар Парламентін ұлықтау рәсіміне арналған «Қорғанымыз - білім, туымыз - бірлік, тұғырымыз - еңбек!» атты салтанатты әдеби-сазды кеші өтті.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау төрт кезең бойынша өткізілді. Дауыс берудің барлық қорытындысы нәтижесінде 9 «Ж» сыныбының оқушысы Шерхан Бекболатұлы өзін-өзі басқару ұйымының Президенті болып сайланды.
Бүгінгі салтанатты жиында ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалып, мектеп директоры Нұрғазы Әсет Бекбосынұлы өзін-өзі басқару ұйымының Парламент мүшелерін ұлықтау мақсатында үлкен сеніммен Мектеп Парламенті куәліктері мен төс белгілерін табыс етті.
Білім бұлағының көзін ашқан талабы биік жас өрендерге Өнербеков Шерхан, Корганбай Шерхан, Нурбаева Амина, Тасман Малика, Түсіпбек Бекзат, Дәулетхан Маржанға сәттілік тіледі.
Болашақтың тағдырын шешетін, Елімен бірге өркені өсетін бүгінгі қадамдарың құтты, істерің сәтті болсын деген ақ тілеумен Ант қабылдау рәсімі кезінде оқушылар шәкіртке қойылатын талаптарды ар-намыс кодексіне сай бұлжытпай орындауға, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтығын абыроймен сақтауға, ата-баба аманатын ақтауға ант берді.
Салтанатты рәсім концерттік бағдарламаға ұласып «Айнаш» би ансамблінің орындауында «Қазақ» биі, күйшілердің «Адай» күйі, әншілердің әнімен жоғары деңгейде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: