МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҮМІТКЕР 9 "Б" СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТАСМАН МАЛИКА » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҮМІТКЕР 9 "Б" СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТАСМАН МАЛИКА
22
қыркүйек
2021

МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҮМІТКЕР 9 "Б" СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТАСМАН МАЛИКА

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҮМІТКЕР ОҚУШЫ
ЕГЕР МЕН МЕКТЕПТЕ ПРЕЗИДЕНТ БОЛСАМ
Мен 9 «Б» сынып оқушысы Тасман Малика. Оқу озатымын. Өзін-өзі тану пәнінен қалалық олимпиада жүлдегерімін. Менің хоббиім: сурет салу, әдеби кітап оқу.
Мен жауапкершілігі мол, позитивті, талантты, мақсатына жетуге барынша тырысатын, үлкенге құрмет, кішге ізет таныта алатын оқушымын.
МЕКТЕПКЕ ҚОСАР ҮЛЕСІМ, МАҚСАТЫМ:
Мектеп Президенті болу өте жауапкершілікті жұмыс. Бұл жұмысты алған адам көздеген мақсатына жете алатын, жауапкершілігі мол, сенімді, әрқашанда оқушыларға құрметпен қарайтын болуы керек. Мен осы міндетті алуға дайынмын.
МІНДЕТІМ:
Мен мектебімді одан сайын көркейтіп, беделін арттырғым келеді;
Егер мен Президент болсам, «Тәртіп жоқ жерде, білім жоқ» деген ұранды ұстана отырып ең алдымен оқушылардың тәртібі мен оқу формасына мән берер едім;
Оқушыларға «білім мен еңбек егіз» деген ұғымды саналарына сіңіре отырып, жарыстар, олимпиадалар мен сайыстарға қатысып, мектебіміздің атын шығаруға үлес қостырар едім;
Оқушыларға іс-шараралар, тегін үйірмелер ұйымдастырып, тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға мерекелерде сыйлық жасауды, көмек көрсетуді қолға алар едім.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: