22
қазан
2020
«Қарттарым – асыл қазынам» қарттар айлығы
Мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбындағы қарттар айлығы өтті.
Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге дағдыландыру. Еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті, адал азаматы болуға тәрбиелеу.
«Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбындағы қазан айында қарттар айлығына жоспар құрылды. Жоспардың негізінде іс-шаралар өткізілді. Барлық 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттар мен ата-әжелерді құттықтау бейнероликтері жасалынып, әлеуметтік желілерге салынды. 8 «Д» сыныптың жетекшісі Толкинова Жибек «Қарты бар үйдің-қазынасы бар» тақырыбында ашық сынып сағатын (онлайн) өткізілді. Сыныптағы ақыл-кеңес кездесуіне Ханымай, Айтолқын, Тұрлықан әжелер қатысты. Әжелер өмірде көрген-білгендері мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісі отырып, акыл-кеңестерін берді. Оқушылар үлкендерге құрмет көрсету, сыйлау, қадірлеу мағынасындағы ақын-жазушылардың өлеңдерін оқыды. Әсем әнмен зуммда отырған қонақтардың көңілін көтерді. Сұрақ-жауап айдарымен оқушыларымыз үлкен кісілерге сұрақтар қойды.
«Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбындағы айлықтың жоспарына сәйкес 5-6 сыныптың 32 оқушысы қатысқан «Үлкенді сыйла, құрметте!» ұранымен онлайн сурет салу конкурсын сурет пәнінің мұғалімдері Б.Бөкентай, Л.Асылтаева ұйымдастырды.
Мақсаты оқушыларға қаттардың ел үшін еңбегі насихатталды. Ұрпақ тәрбиелеудегі таптырмас қазына- қарттардың ақыл-кеңесі екендігі дәріптелді. Оқушылардың сурет салуға деген ынталары оянып, шеберліктері шыңдалды. Эстетикалық талғамдарының өсуіне оң әсер етті. Оқушылардың бос уақыты тиімді пайдаланылды.
«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты 6-7 сыныттар арасында мәнерлеп оқудан онлайн байқау болды.