«Менің психикалық денсаулығым» (Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік) тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен ЗУМ платформасы арқылы конференция өткізілді » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің психикалық денсаулығым» (Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік) тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен ЗУМ платформасы арқылы конференция өткізілді
09
қазан
2020

«Менің психикалық денсаулығым» (Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік) тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен ЗУМ платформасы арқылы конференция өткізілді




10-қазан Дүниежүзілік психикалық  денсаулық күніне орай  Білім және ғылым министрлігінің, БҰҰ Балалар қорының  (ЮНИСЕФ) және Республикалық  психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының  бірлескен жоспары  аясында психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы  мен әдістері  туралы хабардар болуды арттыру мақсатында оқушылармен  ақпараттық  білім беру  іс-шараларын өткізу хатына байланысты мектебіміз психологтары М.К.Мусанова мен А.С.Балтабаева «Менің психикалық денсаулығым» (Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік) тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен ЗУМ платформасы арқылы конференция өткізілді.
    Конференция мақсаты – оқушылардың қашықтықтан оқу кезінде ішкі эмоционалдық жағдайларын нығайту, күйзеліс, стрестің алдын алу, арнайы кеңестер, ұсыныстар беру арқылы психологиялық қолдау көрсету.
     Конференция барысында психикалық денсаулық туралы, оны қалай қалыпта ұстау керектігі жайлы, соған қоса біз өз сезімдерімізді  қалай реттей алатынымыз туралы кеңестер  берілді. Адамдар өз мәселелерінде әркім әрқалай әрекет ететіні жайлы айтыла келе, сондай сәттерде бойымызды жағымсыз эмоциялар билеп алса не істеу керектігі жайлы психологиялық кеңестер ұсынылды. Бұлшық етті үдемелі босаңсыту, терең тыныстау, ой тоқтатуға арналған жаттығулары көрсетілді.
   «Құрбы-достарымыздың ішкі эмоционалдық жағдайын, оның қандай сөздері мен әрекеттері арқылы тани аламыз?», «Құрбысы ретінде мен не істей аламын?» деген сұраққа арнайы психологиялық  кеңестер берілді. 
    Оқушыларға қашан да болсын мектеп психологтарына, сынып жетекшісіне немесе арнайы мамандарға жүгінуге болатындығы жайлы жеткізілді.
   Оқушылар конференцияға жақсы қатысып, кері байланыс орнатылды. Олар сұрақтар қойып, жауап алды. Түсінген ақпараттарымен ортада бөлісіп, сұхбаттасу, ой қорыту болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: