«№182 жалпы білім беретін мектеп» КММ бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялайды » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№182 жалпы білім беретін мектеп» КММ бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялайды
12
тамыз
2024

«№182 жалпы білім беретін мектеп» КММ бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялайды

Алматы қаласы Алатау ауданы «№182 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегідей бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялайды:

Конкурс жариялаған мекеме атауы: «№182 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Конкурс өткізу орны: Алматы қаласы Алатау ауданы Зерделі ы/а, 1/65
Байланыс телефондары: +7(727) 248-59-62, 
Қосымша ақпарат: моб.+77474368401
Электронды почта: 182.kgushkola_
 
 
  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың құжаттарын қабылдау: https://hr-nobd.iac.kz/ платформасы арқылы 12 тамыз – 20 тамыз 2024 жыл күндері аралығында жүргізіледі. 
  2. Кандидаттар құжаттарының қорытынды отырысы 2024 жылдың 28 тамыз күні жарияланады.
  3. Конкурсқа қатысатын бос және уақытша бос лауазымдардың негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары төмендегідей белгіленген:
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі лауазымына сай өткізу еңбек ақысы – 130 000 теңгеден бастап. 
  • Бастауыш сынып мұғалімі  лауазымына сай өткізу еңбек ақысы – 130 000 теңгеден бастап. 
  • Математика пәні мұғалімі лауазымына сай өткізу еңбек ақысы – 130 000 теңгеден бастап. 
  • Ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына сай өткізу еңбек ақысы – 130 000 теңгеден бастап. 
  • Биология пәні мұғалімі лауазымына сай өткізу еңбек ақысы – 130 000 теңгеден бастап. 
  • Көркем еңбек пәні мұғалімі лауазымына сай өткізу еңбек ақысы – 130 000 теңгеден бастап. 
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі лауазымына сай өткізу еңбек ақысы – 130 000 теңгеден бастап. 
  • Дене шынықтыру пәні мұғалімі лауазымына сай өткізу еңбек ақысы – 130 000 теңгеден бастап. 
  • Информатика пәні мұғалімі лауазымына сай өткізу еңбек ақысы – 130 000 теңгеден бастап. 
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын талаптары: 
·мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
·білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
·білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
·білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
·пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
·бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
  • журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
  • оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
  • оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
  • оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
    • білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
  • инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
  • арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
  • интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
  • әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
  • ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
  • ата-аналарға кеңес береді;
  • кәсіби құзыреттілікті арттырады;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  • білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  • тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі;
  2. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
  1. Осы құжаттарға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
  10. 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің немесе уақытша бос лауазымына кандитаттың толтырылған Бағалау парағы.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: