ХАБАРЛАНДЫРУ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАНДЫРУ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
30
наурыз
2023

ХАБАРЛАНДЫРУ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Құрметті ата-аналар!
Алматы қаласы Алатау ауданы №182 ЖББ мектеп әкімшілігі
ХАБАРЛАЙДЫ!!!
Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.
❗Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Портал арқылы қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама (құжаттарды қабылдау немесе дәлелді бас тарту) жіберіледі.  *Баланың тіркелуі расталған соң 3 күн аралығында бала құжатының қағаз нұсқасын  мектепке  өткізулеріңіз керек*.  
*Ескерту:  182 жалпы білім беретін мектептің 1 сыныбына  нақты тіркеуі бар 150 (жүз елу оқушы) Зерделі шағын ауданында тұратын оқушылар қабылданады.  Құжаттар   2023 жылдың 1 сәуірінен басталып 1 тамызға дейін қабылданатынын еске саламыз* 
Қосымша мәліметтер алу үшін:
8-727-248-59-62 қабылдау бөлімі
8-701-361-77-01 Орал Умирхановна
8-747-305-01-09 Айдана Сатыбалдиевна

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: