"Өнерлі ұрпақ - Тәуелсіз елдің жарқын жұлдызы" тақырыбындағы эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өнерлі ұрпақ - Тәуелсіз елдің жарқын жұлдызы" тақырыбындағы эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
05
желтоқсан
2023

"Өнерлі ұрпақ - Тәуелсіз елдің жарқын жұлдызы" тақырыбындағы эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы

05.12.2023ж. күні Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектепте  "Өнерлі ұрпақ - Тәуелсіз елдің жарқын жұлдызы" тақырыбында эстетикалық пәндер, АӘТД, дене шынықтыру пәндері онкүндігінің ашылуы өтті.  Мақсаты "Технология және өнер","Музыка", "Көркем еңбек", "Еңбекке бауылу" және "Бейнелеу өнері" оқу пәндері арқылы оқушыны қоршаған ортаны біртұтас қабылдауды қалыптастыру,  оны визуалды өнер мен музыка құралдары арқылы тануға, бейнелеу өнерінің, қолөнер мен музыканың адам өміріндегі рөлі туралы түсініктерін  дамытуға, қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы өнеріне, музыкалық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, әлемдегі басқа халықтардың өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, өнердің алуан түріне адам өмірінің көрінісі ретінде адамгершілік-эстетикалық көзқарасын  сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту, көркем және музыкалық-шығармашылыққа бағыттау.
Апталықтың ашылуы ҚР  Әнұранымен басталды. Мектеп  директоры Асет Нұрғазы ашылу салтанатымен құттықтап, заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуларына,  оқушыларға қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктері жоғары болу керектігін айта өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: