Қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігінің «Ұлттық тарихи жәдігер – ұлт құндылығы» тақырыбында онкүндігінің ашылуы » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігінің «Ұлттық тарихи жәдігер – ұлт құндылығы» тақырыбында онкүндігінің ашылуы
14
қараша
2023

Қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігінің «Ұлттық тарихи жәдігер – ұлт құндылығы» тақырыбында онкүндігінің ашылуы

Мектебімізде 14-24.11.2023ж. күндері аралығында қоғамдық-гуманитарлық  пән  бірлестігінің «Ұлттық тарихи жәдігер – ұлт құндылығы» тақырыбында онкүндігі басталды. 
Мақсаты: 
Білім  берудің жаңа технологиялары және тың педагогикалық идеялар негізінде инновациялық білімді дамыту,  ұлттық  тарихи-мәдени мұраларымызды, тарихи маңызы бар жәдігерлерді құрметтейтін бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Міндеттері: 
-     иновациялық технологияларды тарих сабағында кеңінен пайдалану
-     оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-     ел тарихын, тілін, әдет-ғұрпын қастерлеп, құрметтей білетін оқушы тұлғасын тәрбиелеу;
"Ұлттық тарихи жәдігер - ұлт құндылығы" тақырыбындағы  онкүндіктің ашылу салтанатына  7 «Б», «В» сынып оқушылары мен сыныбымыздың ата-анасы Мырзабек пен Мадина анамыз отбасымен қатысып, салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғыртуды сөз етті. Өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алған артық болмас. Ата-аналарымыз бен оқушыларымыз сегіз қырлы, бір сырлы, ұшқыр ойлылығымен көрерменнің көңілінен шықты. Салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін, тіліне, салт-дәстүріне жанашыр болатынына сенімдіміз. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті жас ұрпақ!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: