20
қаңтар
2023
"Ұлттық ойындар апталығы" аясында өткізілген "Арқан тартыс" ойыны
Мектебімізде "Ұлттық ойындар апталығы" өтуде. Мақсаты: оқушылардың ұлттық ойындар арқылы денсаулығын нығайту. Оқушыларды қимыл қозғалыс жылдамдық, ширақтық, ептілік, шыдамдылық қабілеттерін дамыту. Қимыл қозғалысының техникалық нақты орындалуын жетілдіру. Ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық ойындарды батыл орындауға, төзімділікке тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды құрметтеуге баулу.
Осы орайда дене шынықтыру пәні мұғалімдері Қалмұқан Ержан мен Ізжанов Данияр 5-сынып оқушылары арасында "Арқан тартыс" ойынын өткізді.