1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
22
қыркүйек
2023

1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі

Мектептегі психологиялық қызметтің жылдық жоспарына сәйкес мектеп педагог-психологтары М.Мусанова мен А.Балтабаева жыл басында 1-сынып оқушыларының мектеп өміріне, оқу үдерісіне бейімделуін анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Бақылау кезінде сынып жетешілері сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында сергіту жаттығулары жүргізеді.
     Осы орайда ата-аналарға төмендегідей  ұ с ы н ы м д а р  мен  к е ң е с т е р ұсынамыз:
Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?
Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, орнатылған ережелер мен тәртіпке бағыну;
Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау;
Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.
 Баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын мадақтап, дамытыңыз. 
Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз; Оның жетістіктерін атап оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз.   Оның әрбір жұмысынан  мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз. 
Есте сақтаңыз: («Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!») сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: