Мектебімізде 5-6 сыныптар арасында А.Байтұрсынұлының мысалдарымен қойылымдар көрсетілді » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде 5-6 сыныптар арасында А.Байтұрсынұлының мысалдарымен қойылымдар көрсетілді
02
қазан
2023

Мектебімізде 5-6 сыныптар арасында А.Байтұрсынұлының мысалдарымен қойылымдар көрсетілді

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынұлының ұшан-теңіз тағылымды еңбектерінің  арасында  "Қырық мысал" жинағының орны ерекше. А.Байтұрсынұлы мысалдарды қазақы қалыппен баяндай келіп, халқымыздың бай фольклорымен ,әсіресе, мақал-мәтелдерімен ерекше тұжырымдайды. Осы орайда  5-6 сыныптар арасында А.Байтұрсынұлының мысалдарымен қойылымдар көрсетілді. Мақсаты: А.Байтұрсынұлының мысалдарын таныстырып,   тәрбиелік мәнін ашу.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: