«Психологтан кеңес» айдары » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Психологтан кеңес» айдары
12
қыркүйек
2023

«Психологтан кеңес» айдары

12.09.2023ж. күні мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға байланысты мектеп директоры Нұрғазы Асет Бекбосынұлы, ДОІЖО Менғали Нұргүл Тоқтасынқызы және мектеп педагог-психологі Балтабаева Айдана Сапарбайқызы түсіндірме жұмысы жүргізді. 
Адамның әлеуметтік құндылығы, оның адамдар арасындағы орны, жұмысының ұнауы, физикалық және психикалық денсаулығы, кәсіби жолдың қаншалықты дұрыс таңдалғанына байланысты. Дұрыс шешім қабылдау үшін мамандық таңдауға әсер ететін негізгі факторларды ескеру қажет. Ата-ананың пікірі, материалдық жағдай, жеке ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, баланың жеке қабілеті – мұның бәрі оның қандай мамандық таңдайтынына әсер етеді. 
Қазіргі кезде көптеген адамдар жоғарғы оқу орнын бітірген соң, алған дипломын сандыққа салып қояды. Кейбір жастар өзі оқыған мамандық бойынша неге жұмыс істегісі келмейді?  Мамандық таңдау – болашақ өміріңізге қатысты өте маңызды және жауапты қадам. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын, сіз қай салада жұмыс істегіңіз келетінін шешіп алу керек.
Осы орайда мектебіміз оқушыларына «Психологтан кеңес» айдарын ұсынамыз.
Мақсаты:
  • Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту. Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.
  • Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу.
  • Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: