«Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» атты тарихи--әдеби кеші » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» атты тарихи--әдеби кеші
16
мамыр
2023

«Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» атты тарихи--әдеби кеші

Қоғамдық – гуманитарлық пән бірлестігі, тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 31 – мамыр 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» атты тарихи-әдеби кеш өтті. Кештің  мақсаты — қазіргі жастардың патриоттық сезімі мен ұлтқа деген махаббатын ояту және Алаш зиялыларының елі, жері дегенде қалай жан аямай күресіп, үлкен ерен еңбектер атқарғанынан құлағдар ету. Толкинова Ж.Н. ұйымдастыруымен 10 "В" сынып оқушылары ашаршылық зұлматын көрініс арқылы сомдаса, Кирибаева Ж.Б. бастаған 9-сынып оқушылары  Алаш зиялыларының кезіндегі сауаттылық пен ұлт тағдыры үшін күрескендігі жайлы көріністен шағын үзінді келтіре, домбырасын күмбірлете күйін шертіп, жанды дауыста әндер орындады.
   Халқымыздың қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен  қайраткерлерінің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді еш  уақытта да есінен шығарғуға болмайды.  Бұл - тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың  ұлағатты ісі. Болашақ ұрпақ үшін, ұлт үшін, халық үшін күрес жолында ештеңеден тайынбаған Алаш арыстарын ұмытпайық, болашақ ұрпаққа дәріптейік! Алаш қайраткерлері біздің мәңгілік есімізде!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: