"Сыңғырла соңғы қоңырау" атты оқу жылының аяқталу салтанаты » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты оқу жылының аяқталу салтанаты
25
мамыр
2022

"Сыңғырла соңғы қоңырау" атты оқу жылының аяқталу салтанаты



"СЫҢҒЫРЛА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ"
25 мамыр 2022 жылы, сағат: 9.00-де №182 жалпы білім беретін мектепте "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты оқу жылының аяқталу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға Алматы дарыны жастар мен жасөспірімдерді қолдау орталығының әдіскері Жумадилова Лаззат Көлбаевна, Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәли Жапақұлы, №182 жалпы білім беретін мектеп директоры Нұрғазы Асет Бекбосынұлы қатысып, оқушыларға сәттілік тілеп оқу жылының аман-есен аяқталуымен құттықтады. Халықаралық, республикалық, қалалық білім бәйгелері мен өнер байқауларында, спорт жарыстарында жүлделі орындарды иеленген оқушылар мен ұстаздар марапатталды.
Мектеп бітіруші түлектерімізге Алатау ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі Мәли Жапақұлы батасын беріп, сәтті сапар тіледі.
Мектеп бітіруші түлектеріміз өнерлерін ортаға салып, қимастық сезіммен алтын ұя мектеппен қоштасып, "Аттандық сапарға, көңілде мол арман" дегендей жаңа өмірге үлкен сеніммен қадам басты.
Ақ жол саған, жас түлек!
Мектеп бітіруші түлектерімізге сәттілік тілейміз!
#жаңақазақстанныңертеңі
#жастүлек2022
#соңғықоңырау

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: