“Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі” » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі”
17
маусым
2022

“Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі”




17.06.2022ж. күні мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған “Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі” атты жалпы орта мектепті бітіру туралы аттестат тапсыру салтанаты өтті.
Салтанатты жиында мектебіміз директоры А.Нұрғазы оқушыларымызға өзінің ізгі тілегін білдіріп, сәттілік тіледі.
Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке.
Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімізді арнаймыз.
Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңізбен, жоғарғы көрсеткіштеріңізбен қуанта беріңіздер. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын! Бәріңізге ақ жол тілейміз!🎀🔔

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: