«Екі жұлдыз» ән байқауы🎼 » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Екі жұлдыз» ән байқауы🎼
03
желтоқсан
2021

«Екі жұлдыз» ән байқауы🎼


«Екі жұлдыз» ән байқауы🎼

3.12.2021, сағат 12.30-да мектебіміздің Мәжіліс залында
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұстаз бен шәкірт арасында «Екі жұлдыз» байқауы өтті.
🎤Мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату. Байқау мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениетті қалыптастыра отырып, ұстаз бен ата-ана арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

«Екі жұлдыз» ән байқауына 7 жұп қатысты. Сайысқа қатысушылар байқаудың шарты бойынша сайыстың бірінші турында халық арасында кең таралған заманауи әндерді сахналаса, сайыстың екінші турында ретро әндер туындысын жұптаса орындап доданың көркін қыздыра түсті. Сайыс барысында көрермендерге тек жұптасып ән айтып қана қоймай, сонымен қатар театрландырылған көріністер мен хореографиялық қойылымдар көрсетілді.
Әділ-қазылардың шешімі бойынша:
🥇1-орын:
8 З – сынып оқушысы Зейнелхан Бахтияр, мұғалім Ташимбаева Әсем;
🥈2-орын:
8 Б – сынып оқушысы Назым, мұғалім Бескекилова Динар Мырзаханқызы.
8 В – сынып оқушысы Мұратбек Марал, мұғалім Саймасаева Орал;
🥉3-орын:
7 Д – сынып оқушысы Әділ Нүсіп, мұғалім Әмреева Лаура;
1 – сынып оқушысы Айзере, мұғалім Бедешова Гүлзада;
«Ең тамаша дауыс иесі» номинациясы:
8 Д – сынып оқушысы Қалдыбай Айгерім, мұғалім Бекмұхаметова Маржан Болатқызы;
«Ең өнерлі жұп» номинациясы:
8 В – сынып оқушысы Анаят Толғанай, практикант Наргиза апай.
🏆ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Байқаудың жоғары дәрежеде өтуін ұйымдастырушы тәрбие бөлімі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: