«Ұлы халықтың - ұлы Абайы» » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлы халықтың - ұлы Абайы»
01
қазан
2021

«Ұлы халықтың - ұлы Абайы»






Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің "Ана тілім-асыл қазынам" атты апталығы барысында 10-сыныптар арасында «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» тақырыбында ақын поэзиясы, поэмасы, қарасөздерін нақышына келтіре мәнерлеп оқудан байқау өтті.
Байқаудың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Байқау барысында оқушылар төмендегідей өнер түрлерінен жарысқа түсті:
1. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы... (Абайдың лирикасынан мәнерлеп оқу)
2. Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған. (Абай поэмаларынан үзінді оқу)
3. Абайдың қара сөздері– ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасын оқу, талдау
4. Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. (Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемінен сұрақ-жауап айдары)
«Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс. К. Кулиев»- деп ақын Абай ұрпағымен мәңгі жасай беретінін тағы бір дәлелдей түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: